2774

Нұр-Сұлтан полициясы ерекше жұмыс тәртібіне көшті

Елордалық полиция қызметкерлері 5 шілдеде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары енгізілуіне байланысты қызметтің ерекше тәртібіне көшті. Тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеуде. Патрульдік бағыттар барлық учаскелерді қамтитындай етіп жасалған. Полиция тұрғын үй аумақтарын, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлерді аралауда.

Сонымен қатар олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин тәртібін бұзушылықтарды анықтайды.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап елде 14 күнге шектеу шараларын енгізуді ұйғарды. Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі дамуына байланысты шектеу шаралары ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

«Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап, антисептик қолдануы тиіс. 65 жастан асқан адамдарға қала бойынша қозғалыс шектелген. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз», – деп атап өтті полиция.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109