2376

«Байқоңыр» ауданында 50 ауланы абаттандырылады

«Байқоңыр» ауданы бойынша биыл 50 ауланы абаттандыру, 15 аулада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

Елорда күні қарсаңында 20 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ тұрғын үй алаптарын дамыту бағдарламасы аясында «Казгородок» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды. Бұл «Кирпичный» және «Казгородок» тұрғын алаптарындағы алғашқы толыққанды скверлер.

Жобаға сәйкес, абаттандыру құрылысы балалар ойын алаңы, демалыс аймағы және халыққа арналған көпфункционалды жаттығу алаңынан тұрады. Аулаларда футбол, баскетбол және стритбол алаңдары салынды.

Балалар арасында жарақаттарды азайту үшін балалар алаңдарында жұмсақ резеңке жабындар төселді.

Ауданда аулаларды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109