3621

Нұр-Сұлтанда қандай көшелерге асфальт төселді

Нұр-Сұлтанда жол құрылысы мен жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 150 көшені асфальттау жоспарланған болатын, оның 100-і елорданың тұрғын алаптарында. Асфальтталған көшелер арасында 20 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген көшелер бар. «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғыны Сәуле Күлмайеваның айтуынша, Қапан Тұйық көшесіне 25 жыл ішінде алғаш рет асфальт төселген.

Астананың тұрғын алаптарында 23 көшеге асфальт төселді: Беласар, Марқакөл, Қарасаз, Нұрлы, Ақберген, Балуан Шолақ, Қырықыз, Маралсай, Желдірме, Құғалы, Қамажай, Ақпан тұйығы, Шырайлы тұйығы, Жолымбет, А.Байтұрсынов, Аққайың, Кеңшалғын, Ақбидай, М. Төлебаев, Сүтбұлақ, Тайсойған көшелері. Қазіргі таңда тағы 20 көшеде жөндеу жүргізілуде.

Үлкен автомобиль трафигі мен жолдардың тозуы байқалатын орталық көшелерде жалпы ұзындығы 30 шақырымнан астам 27 көшеде жұмыстар аяқталды: Бөгенбай батыр даңғылы, Конституция көшесі, Дүкенұлы көшесі, М.Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Шұғыла көшесі, Бұқарбай батыр көшесі, Асан Қайғы көшесі, Мәскеку көшесі, «Тұлпар» көпірінің астындағы бұрылыс жолы, Таха Хусейн көшесі, С. Торайғыров көшесі, Достық көшесі, Фахд бен Абдул Азиз көшесі, Угольная көшесінің жалғасы, Қ. Сәтбаев, Түркістан, А. Байтұрсынов, Ақмешіт, 319, Сауран көшесі және т. б. Тағы 6 көшеде жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, көшелер мен жолдарды жарықтандыру үшін ЖКУ шамдары (натрий шамымен) заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда. Биыл 10 мың шам ауыстырылады, 3 жылда 37 мың көше шамын ауыстыру жоспарлануда. Бұрын жарықтандырылмаған көшелер де қамтылады.

Жобаларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ықпал етеді. ЖҚЖК бойынша 15 мың жұмыс орны ашылып, жол құрылысына 1,5 мың адам тартылады. Жұмысқа орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109