3601

Нұр-Сұлтанда биыл 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады

Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады. Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есе артады. Кезекте тұрған сегіз мың пәтер беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтағы, аз қамтылған қала тұрғындары, жетім балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және т.б. жандар пәтерге ие бола алады. Карантин кезінде құрылысшылармен онлайн-кеңестер өткіземіз, жұмыс уақыты қадағаланады, әрқайсысымен жеке жұмыс істейміз. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз. Тұрғын үй кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз.

Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады. Сондай-ақ биыл алдағы жылға дайындық жүргізілуде», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер өз пәтерлерін алады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109