2052

Ксилофон, фортепиано және ноталары бар орындықтар: Нұр-Сұлтан скверлері қалай абаттандырылуда

Нұр-Сұлтанда қоғамдық орындар (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада ашылған жаңа демалыс орны тұрғындарға серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Осы орайда біздің тілшілер Жеңіс және Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа саябақпен танысып қайтты.

«Мұнда дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндік бар. Балалар алаңдары, ересектерге арналған демалыс орындары да қарастырылған. Саябақта ағаштар мен гүлдер де отырғызылған», – дейді қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.

Шағын сәулет нысандары да ерекше көзге түседі.

«Біз ксилофон, барабан, фортепиано сияқты композицияларды, сондай-ақ музыкалық стильдегі «Лира» деп аталатын орындықтарды да орнаттық. Тіпті қоқыс контейнерлері де музыкалық стильде жасалған. Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша біз жобаға толықтырулар енгіздік, жол жүру бөлігін қарастырдық, тұрақ аймағын да жасадық» – дейді «ОК proekt» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Мерей Сабетов.

«Мына сұлулыққа қараңызшы! Орындықтар орнатылған, ағаштар егілген – барлығы үйлесімді! Қазіргі қиын уақытқа қарамастан, әкімдік бізге көңіл бөліп жатыр деп ойлаймын. Ризашылығымызды білдіреміз!» – дейді қала тұрғыны Раиса Құдайбергенова.

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын – саябақтар мен скверлер абаттандырылады. Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» елорданы одан әрі дамыту жоспары аясында абаттандырылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109