1837

Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейеді

"Астана - адалдық алаңы" екі күн ішінде 15 дәріханаға тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, елордалық дәріханаларға тексеру жүргізуді жалғастыруда.
Бейсенбі күні рейд IKOMEK 109 байланыс орталығына түскен мекен-жай бойынша өтті.

Атап айтсақ, "Murat-Farm 35" дәріханасында қала тұрғынына 90 мг "Ингаверинаны" 7 мың теңгеге сатқан. Бұл дәрі-дәрмектің dari.kz ресми сайтында құны 5 940 теңге мөлшерінде көрсетілген.

Жеңіс даңғылы 26а мекен-жайындағы дәріханада қала тұрғыны 16 310 теңгеге 30 мг "Дайвобет" жақпа майын сатып алған, бірақ белгіленген баға 9 435 теңгені құрайды.

Дәріхана сатып алушыға артық төлеген ақшасын қайтарды.

"Бұл жерде дәрілік препараттың бағасы 6 мың теңгеге өскен. Қазір біз тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне осы мекемені бақылауға алуды және олар сататын барлық тауарларды толық тексеруді тапсырдық", – дейді "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Мониторинг нәтижелері нақты шара қабылдау үшін жауапты органдарға жіберілетін болады.

"Дәріханаларды тексеру бойынша рейдтер жалғасуда. Сонымен қатар барлық азаматтардан дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберулерін сұраймын. Қазіргі уақытта медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру - құқық бұзушылық болып саналады", – деп атап өтті "Астана-адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов.

Дәріхана басшыларына бағаны көтерудің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Дәрі-дәрмектің бағасына күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109