1616

Нұр-Сұлтан полициясы карантин тәртібін қадағалау бойынша рейд жүргізуде

Елордалық полиция коронавирус инфекциясының алдын алуға және пандемия кезінде азаматтарды қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтап, міндетті түрде маска тағып жүруге шақырады. Індеттің алдын алу мақсатында полиция карантин режимін сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеті туралы тұрғындармен профилактикалық сұхбат жүргізеді. Мұндай түсіндірме жұмыстары азаматтардың маска тағу тәртібін сақтауына ықпал етуде әкімшілік шараларды қолданғаннан гөрі тиімді.

Сонымен қатар полиция ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындарына, сауналар, моншалар, аттракциондарға барып, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес қолданыстағы карантиндік шаралар туралы мекеме иелеріне ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтардан карантин шаралары кезіндегі полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытуды сұрайды. Енгізілген шектеулер азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109