2052

Елордада 12 жаңа мектеп салынып, 16 мектеп жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл 16 мектепті жөндейміз. Қасбетін жаңартып, шатырын жөндеп, терезелер мен едендерді ауыстыру және т. б. қажет.

Бүгін бірқатар оқу орындарының, соның ішінде №3 мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қабырғаларда жарықтар пайда болған. Мектептің іргетасы отыра бастаған. Соның нәтижесінде мектепті су басуда. Биылғы оқу жылының басында бұл мәселелер шешіледі», – деп жазды А.Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 16 мектептің 13-інде күрделі жөндеу жүргізіледі. Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Жұмысқа орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі.

«Сонымен қатар жаңа мектептер салу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп саламыз. Келесі жылы 40 мың орынға есептелген сонша мектеп салынады. Оқу орындарын бірінші кезекте орын тапшылығы бар жерлерде салудамыз. Мектеп құрылысына жекеменшік иелерінен инвестиция тартамыз», – деп атап өтті А.Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109