3027

Елордада көпір астында жаңа арт-кеңістік пайда болды

Көпір аумағы қала тұрғындары үшін көрікті орындардың біріне айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Арқар көпірінің астындағы алаң Нұр-Сұлтанның тұрғындары мен қонақтары үшін көрікті орынның біріне айналды. Онда жаңа арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары салынды. Бұл қоғамдық орындарды жаңғыртудың тағы бір үлгісі, деп жазды өзінің Instagram парақшасында Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен.

«Бұрын көпір құрылысы Триатлон мен Президент саябағын бір-бірінен бөліп тұрғандай көрінетін. Қазір жаңа кеңістік қалалық қауымдастықтарды біріктірді», – деді Е.Базыкен.

Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

«Бұл жердің шағын бизнес үшін әлеуеті жоғары екенін атап өткен жөн. Екі саябақтың жаяу жүргінші мен велосипед жолы бар жалғыз байланысы екенін ескерсек, бұл орын қоғамдық тамақтану орындарына тамаша жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, әлеуметтік белсенділікті арттырады», – деді Е.Базыкен.

Қазіргі уақытта орынды ретке келтіру жалғасуда. Жаңа нысандар бос қалған аумаққа барған сайын көбірек адамдарды тартады. Сондай-ақ мұнда әткеншек-орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және екі стритбол алаңы пайда болды.

Осы жылы барлығы 50 қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады. Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарының тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109