1484

Карантин шаралары елорда дәрігерлерінің жүктемесін азайтты

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеде карантин шаралары енгеннен бері, медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелердің жүктемесі төмендеді. Егер бұрын күніне 500-ге жуық науқас келіп түссе, қазір екі есе төмен көрсеткіш байқалады.

Сауығып кеткендердің саны да 2 есе артып, бүгінде күніне 400-ге жуықтады.

Сонымен қатар жедел жәрдем станциясына келіп түскен шақыру тәулігіне 2800-ден 1600-ге дейін азайды. Сондай-ақ пневмониясы бар науқастар 14% азайды.

Қабылданған карантин шаралары мен амбулаторлық емдеу нәтижесі арқасында төсек-орын қажеттілігі 99%-дан 73%-ға дейін төмендеді. Мәселен, «Орталық теміржол ауруханасында» карантинге дейін Covid-19 анықталған 230 науқас болса, қазір 124 науқасқа дейін, №1 қалалық ауруханада науқастар саны 760-тан 500-ге дейін, №3 қалалық ауруханада 475-тен 320 науқасқа дейін қысқарды.

Пандемия басталғаннан бері стационарлар саны 3-тен 14-ке дейін артты. Бұл – 4 мыңға жуық төсек-орын. Қалада коронавирус жұқтырған 6899 науқас тіркеліп, оның жартысынан көбі яғни, 4321 науқас емделіп шықты.

Қала әкімдігімен дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, т. б. сатып алу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

«Қатаң карантин шараларын бұзбау қаншама адамның өмірін сақтап қалуға болатынын көрсетеді. Тек санитария нормаларын сақтаған кезде (маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және адам көп жиналатын жерлерге бармау) коронавирус инфекциясының таралу қаупін едәуір төмендетуге болады. Біздің парызымыз – адам өмірін құтқару. Бірақ жақындарыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығы өздеріңізге де байланысты. Әр адам күн сайын қауірсіздік шарасын қатаң сақтап, жауапкершілік танытуы керек. Сонда ғана біз вирусты жылдам жеңе аламыз», – деп атап өтті қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109