1878

Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекция жүргізіледі

15 шілде күні Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн.

Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Қалалық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да көпшілік жиналатын орындар басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі.

5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109