1843

Елордада дезинсекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды

Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды.


Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинсекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты.

«15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы «Агран», шыбын-шіркейлерге қарсы «Фаскон» сияқты препараттар қолданылады», – деп түсіндірді Ж. Бескемпірова.

Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы барлық су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтарды – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы осы жазда зиянкестермен күресудің бес кезеңі өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109