1219

«Әкем білікті дәрігерлердің арқасында аман қалды»

Елорда тұрғыны медицина қызметкерлеріне әкесінің өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Галия Абраимова «Фейсбук» парақшасында дәрігерлердің әкесінің денсаулығы үшін қалай күрескенін айтып берді.

«Сіздер күн сайын адам жанына араша боласыздар! Менің әкем ауруға шалдығып, хаттамаға сәйкес үйде 11 күн емделсе де, жағдайы жақсармады. Стационарлық емдеу туралы теріс пікірлерді оқығаннан кейін ауруханаға барудан қорықтық. Бірақ іс жүзінде біздің дәрігерлердің керемет екеніне көзіміз жетті. Талдаудың барлық нәтижелерін зерделеп, бізден ауруханаға жатқызуды талап етіп, уақытылы медициналық көмек көрсетті», – деп жазды Г.Абраимова.

Әкесі Оразғали Абраиымовтың айтуынша, емдеуші дәрігер мен бөлім меңгерушісі күн сайын тексеріп, оның денсаулығының жай-күйін қадағалап, ем-дом тағайындады, сонымен қатар науқас үшін өте маңызды психологиялық көмек көрсетті.

«Мен өз атымнан және әкем Абраимов Оразғали Чакербекұлы атынан №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ШЖҚ МКК ұжымына: бөлім меңгерушісі Нуртазина Гульмира Гусмауленовнаға, емдеуші дәрігер Құттыбек Гаухар Дүйсенқызына, сонымен қатар кіші медициналық қызметкерлер Мұсахметова Нұрбану, Ахметова Гулайра, Байкенова Меруертке қажырлы еңбегі үшін ризашылығымды білдіргім келеді! Қазір әр науқастың өмірі үшін нақты күрес жүріп жатыр деп ойлаймын. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін! Әкем білікті дәрігерлердің арқасында аман қалды! Үлкен рахмет айтап отырып, еңбектеріңізге тағзым етемін!» – деп атап өтті Абраимова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109