2787

Колледжге түсу туралы кеңесті үйден шықпай-ақ алуға болады

Талапкерлерге арналған виртуалды қабылдау қызметі 24/7 тәртібінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қандай мамандықтарға гранттар бөлінді, колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және жеңілдіктерді қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға талапкерлер үйден шықпай-ақ жауап ала алады. Елордалық колледждердің сайттарында виртуалды қабылдау қызметі жұмыс істейді. Ассистенттер келіп түскен сұрақтарға 3-5 минут ішінде жауап береді.

«Біз бес күн бұрын виртуалды қабылдауды іске қостық, қазірдің өзінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Көбі гранттар мен жеңілдіктер бар мамандықтарға құжаттарды қалай тапсыру керегін сұрап жатыр. Ауылдық жерден көптеген өтініштер бар. Виртуалды ассистент 24/7 режимінде жұмыс істейді, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды», – деді Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық кеңестерді колледжге барып алуға болады. Алайда пандемия кезінде қауіпсіздік мақсатында қарым-қатынасты шектеген дұрыс.

Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін 33 елордалық колледждің сайттарында жұмыс істейтін болады.

Колледждердің тізімі, олардың сайттары мен байланыстары төменде берілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109