2168

Нұр-Сұлтан тұрғындары дәрігерлерді қолдау акциясын ұйымдастырды

Азаматтардың ұйымшылдығы арқасында еріктілер күн сайын елорда ауруханаларына 250-300 дәрігерге ыстық тамақ жеткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Шара 24 маусымда басталған –тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне түскен жүктеме туралы естіп, ақша жинап, екі емханаға түскі ас жеткізіп тұруға шешім қабылдады.

«Мұндай ерікті қозғалыс аяқ астынан, әлдекім елорда ауруханаларының бірінде жағдай ауыр болғандықтан және ыстық түскі ас сатып алу мүмкіндігінің жоқтығынан дәрігерлердің тез дайындалатын кеспе жейтіні жайлы бөліскен кезде пайда болды. Сол сәтте ақша жинап, №1 және 2 қалалық ауруханаларға ыстық тамақ, сонымен қатар шайға арналған кішкене десертке тапсырыс беру идеясы пайда болды», – дейді акция қатысушысы Сандуғаш Құрманалиева.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары дәрігерлерге көмектесу акциясы тұрақты сипат алады деп ойламаған.

«Бастамамыз туралы білген адамдар хабарласып, қалай көмектесуге болатынын сұрай бастады. Бей-жай қарамайтын қала тұрғындары мүмкіндігінше ақша аударды: біреу мың, ал кейбіреулер 50-100 мың теңге. Тамақтандыру орындарының акциясына қосылдық. Осыдан кейін тағы бірнеше аурухананы ыстық тамақпен қамту туралы ұсыныстар түсе бастады. Осылайша акция кең етек алды», – деп жалғастырды С.Құрманалиева.

Блогерлер акция туралы білгеннен кейін, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті шетелден келген тұрғындар қаражат жинауға қосылды.

Азаматтардың ұйымшылдығы арқасында еріктілер елорда емханаларының дәрігерлеріне күніне 250-300 ыстық тамақ жеткізеді.

«Қазіргі уақытта біз алты ауруханаға тамақ жеткіземіз: №1, 2, №2 облыстық аурухана, қырықыншы станциядағы көпсалалы орталық, бірінші ауруханадағы акушерлік блок және Теміржол ауруханасы. Мейрамханаларда ыстық тамақ пен десерттерге тапсырыс береміз. Бұрын такси арқылы жеткізетінбіз, бұл қосымша шығын. Бірақ қазір жеткізілімге еріктілер көмектеседі. Мұндай акциялар бүкіл Қазақстан бойынша жалғасын табады деп сенеміз», – деді Сандуғаш Құрманалиева.

№1 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері Самал Елубаева әріптестерінің атынан алаңдаушылық танытқан азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

«Күн сайын біз көптеген науқастарды қабылдаймыз. Үй жұмысымен айналысуға, балалармен сөйлесуге уақыт жоқ. Сондықтан мұндай көмек біз үшін өте маңызды», – дейді ол.

Бұған дейін акцияның бастамашылары дәрігерлерге тамақты такси арқылы жеткізген. Бұл қосымша шығын болатын. Қазір оларға еріктілер көмектесуде.

«Елорданың бір топ тұрғындары дәрігерлерге тамақ сатып алады. Біз, еріктілер емханаларға жеткізуге көмектесеміз. Бірлесіп, жақсы істер жасауымыз керек», – дейді ерікті көмекші Сұлтан Аллабергенов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109