1429

Сарыарқа ауданында апатты үйлердің орнына демалыс орны пайда болды

Жыл соңына дейін ауданда 14 қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сейфуллин көшесінде апатты деп танылып, сүрілген екі үйдің орнына жайлы демалыс орны пайда болды: асфальт төселіп, балалар ойын алаңдары, орындықтар орнатылып, жарықтандырылды.

Маусымның басында басталған қоғамдық кеңістік құрылысы бірнеше күн бұрын аяқталды.

«Біз тұрғындармен жаңа демалыс орнында көргісі келетін нәрселер туралы алдын ала келісіп, қоғамдық пікірді тыңдап, талқыладық. Орнатылған жабдықтардың 90%-ы жергілікті мазмұнға ие. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жұмысшылар тартылуда», – деді Сарыарқа ауданының абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Машенов.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданында екі жаңа қоғамдық орын пайда болды. Жыл соңына дейін тағы 12 орынды абаттандыру жоспарланған.

Мұндай абаттандыру жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын, оның ішінде Алматы ауданында – 33, Байқоңырда – 70, Есілде – 20, Сарыарқада – 40 абаттандыру жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109