3981

«Адал Ниет Астана» қорында күн сайын 100 адам ақысыз оңалту қызметін алуда

Қор қызметінің негізгі бағыты – денсаулық сақтау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорында 140 адам (оның 100-і ақысыз) күнделікті оңалту қызметін алады. Бұл бес мезгіл тамақ, физиотерапия, массаж, дәрі-дәрмек, тұзды шахта, оттегі коктейльдері, йога, дренаж жұмыстары және тағы басқалармен қамтамасыз ететін, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар.

«Күніне 140 науқасқа қызмет көрсетеміз. Оның ішінде жүз адам – қайырымдылық, 40 адам – оңалту мен ем алуға келген қала, республика тұрғындары. Пандемия кезінде бір-бірімізді қолдауымыз керек. Науқастар үлкен ризашылықпен кетеді. Қайта ем алуға жиі келеді.Біз олармен ынтымақтастықты жалғастырудамыз», – дейді «Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорының жетекшісі Бибісара Бейсенбаева.

Барлық емдік шаралар қатаң гигиенамен жүргізіледі. Науқастарға тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді.

«Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорының қызметі еліміз үшін ішінара ерекшеленеді – мұнда науқастар мен қарттар әлеуметтік және медициналық көмек алумен қатар, өз мүмкіндіктерін іске асырып, ақша табады.

«Барлығын қашықтық, маска тағу тәртібі мен жеке гигиенаны сақтауға, өз денсаулығына мән беруге шақырамын. Үйдегі карантин жағдайында да дене, тыныс алу жаттығуларын жасауға болады. Сол арқылы сіз иммундық жүйені нығайтып, жағымды эмоциялар аласыз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасайсыз», – дейді реабилитолог-дәрігер Алтынай Сатмағанбетова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109