1484

Құрбан айт: Елордада құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін «Qurban2020.kz» сайты іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық дін істері басқармасы қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалу тәртібін түсіндірді.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты қала мешіттерінде 31 шілде күні Айт намазы оқылмайды. Қоғамдық қауіпсіздікті, адамдардың көп жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болады.

«Осы орайда, алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Аталған сайтта кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі», – делінген хабарламада.

«Qurban2020.kz» сайтында мұқтаж жандарға арнайы «Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру» фунциясы да іске қосылды. Тиісті құжаттарды жүктеу арқылы мұқтаж отбасылар әлеуметтік көмек алу үшін онлайн өтініш жолдай алады.

Сонымен қатар елорда аумағына сату мақсатында ірі қара мал мен қой кіргізу шектеледі.

Дін істері басқармасы тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109