889

Елорда стационарларынан бір күнде 300-ден астам адам емделіп шықты

Қала тұрғындары өздерін ажалдан арашалап қалған жандарға, медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Covid19.astana.kz.

Бүгін қалалық стационарлардан 305 астам адам емделіп шықты. Олардың көбі пневмония мен коронавирус инфекциясына шалдыққан егде жастағы адамдар.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Біржан Абдуллин бүгін ауруханадан шыққандардың бірі.

«Елді ауру сырқаудан арашалап қалып жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау қызметкерлеріне мың алғыс! Республика даңғылында орналасқан емдеу орталығына өкпенің қабынуы бойынша ем алуға келгенмін. Қатты ауырып келіп едім, қазір үйге оралғалы тұрмын. Қуанышта шек жоқ, мың алғыс», – дейді ақсақал.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Петр Васильев екі жақты өкпе қабынуымен ауруханаға жатқызылған.

«Дәрігерлерге, барлық медицина қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі үшін үлкен рахмет! Он төрт күнде мені аяғыма тұрғызды. Бәрі жақсы, қазір өзімді жақсы сезінемін!» – дейді зейнеткер.

Қазақстан астанасында COVID-19 және пневмонияны емдеу бойынша оң нәтиже байқалады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күрес бойынша пәрменді шаралар қабылдауда. Бұл шілденің басынан бастап ауруханаларға түскен науқастар санының төмендеуінен байқалады.

5 шілдеден бастап қабылданған карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейтуден кейін стационарлардағы пневмониямен ауыратын науқастардың саны 1348-ден 633 адамға дейін (екі еседен астам) азайды. Жедел жәрдем станциясына шақыртулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1100-ге дейін үш есе қысқарды.

Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шықты. Төсек-орын қорының жүктемесі 99%-дан 38%-ға дейін азайды.

COVID-19 инфекциясының оң динамикасын сақтау үшін, барлық қала тұрғындары қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтауы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109