692

Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде

Сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта қалада шамамен 6,900 нысан бар, олардың барлығы дерлік дезинфекцияланды. Өңдеу тұзды ерітіндімен жүргізіледі. Кәсіпкерлер нысандарды өз қаражатына өңдейді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

Жақында залалсыздандыру келесі нысандарда жүргізілді: «Тұлпар» сауда кешені, Орталық базар, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, «Ақ Бота» сауда орталығы, «Орбита» сауда үйі, «КенМарт», Asia Park, «Аружан» сауда-ойын-сауық орталықтары, «SMALL» сауда желілері, «Ailand Astana» ОДО, «Встреча» сауда үйі, Magnum (Тұран даңғылы 55), «Шарын» базары, «Sine Tempore» сауда үйі, «Рахмет» сауда үйі, «Абу-Даби Плаза», сондай-ақ авто-ХҚКО-ларды қосқанда, барлық қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары.

Халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер, атап айтқанда, ХҚКО, банктер, қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік қашықтық белгілерін орнатуда.

Хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстанда карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

«Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Осыдан кейін карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету күтілуде. Сонымен қатар, міндетті түрде маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және гигиена талаптары сақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109