564

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жалғасуда

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық мәслихат депутаттары Мирас Шекенов пен Ақылбек Күрішбаев және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері қалалық бірнеше дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасына кезекті мониторинг жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде қаланың 80-нен астам дәріханасында мониторинг жүргізілді. Олардың кейбірі дәрілік препараттарға сәйкес сертификаттарын ұсынбады.

«Қабанбай батыр даңғылы, 40 мекен-жайы бойынша орналасқан «Өркен» дәріханасынан Қазақстан аумағында тіркелмеген 500 мг № 3 «Азитромицин ОЗОН» препаратын сату дерегі анықталды. Бұл заң бұзушылық тиісті шаралар қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», – деді депутат Мирас Шекенов.

Депутат Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, дәріханалардағы баға Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген бағадан аспайды. Алайда оның пікірінше, айналымға енгізілетін барлық дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету қажет.

«Мұны Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы тексереді. Орталық оларға өнімге сәйкес сертификат береді. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде түсіндіргеніміздей, дәріханаларда жүкпен бірге дәрілік заттың сапасын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілуі тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, біз тексерген дәріханаларда бұл құжаттар болған жоқ. Барлығы фирмада, дистрибьютерлерде деген сылтау айтады. Мен бұлай екеніне сенгім келеді. Дәрі-дәрмектерді қолдан жасау және контрафактілік – бүкіл әлемдегі өзекті мәселе. Дәрілердің сапасы – елдің ұлттық қауіпсіздігі, азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығының мәселесі. Сондықтан мұндай құқық бұзушыларға қатаң заңдар қабылдап, дамыған елдердегідей дәрілік заттардың айналымы бойынша бақылау енгізу қажет», – деді А.Күрішбаев.

Хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеру деректерін анықтау бойынша мониторинг күшейтілді. Дәрілік заттардың бағасы көтерілген жағдайда азаматтар IKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне жүгіне алады.

Үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігі логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және әкелу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, қалалық прокуратура, полиция департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ күн сайын дәрілік заттарды алыпсатарлармен күрес жұмыстарын жүргізуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109