735

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды. Ол 43 жастағы Тимур Мұратов болды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Денсаулық сақтау басқармасының басшысын қаладағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерімен өткен онлайн-кеңесте таныстырды.

Тимур Мұратов медицина саласында 20 жыл бойы қызмет етіп келеді. № 6 қалалық емханада дәрігер қызметінен бастаған. Әр жылдары №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі, №2 қалалық аурухананың бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, № 2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. Меритократия қағидатына сәйкес дәрігерден "ҚР Президент Іс Басқармасының Медицина орталығының ауруханасы" РМК директорының бірінші орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына Сovid-19-дың таралу динамикасын төмендету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Карантин шаралары медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелерге айтарлықтай жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейтудің арқасында жедел медициналық жәрдем станциясына шақырулар саны 3 есе (3 мыңнан 1 мыңға дейін) төмендеді. Пневмониямен стационарларға түскен науқастар саны 67,5% азайды, төсек қорының жүктемесі 99% - дан 39% - ға дейін төмендеді. Коронавирус көрсеткіші төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109