1010

Нұр-Сұлтанда COVID-19-дан соңғы науқастар емделіп шыққан тағы бір стационар жабылды

«Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационары жабылуда. Бүгін бұл жерден толық сауығудан кейін коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауыратын соңғы 20 науқас шығарылды, деп хабарлайды Сovid19.astana.kz сайты.

№3 қалалық көпсалалы аурухананың терапевті Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап осы ауруханада COVID-19 ауруы бар, оның ішінде ауырлық дәрежесі орташа және ауыр мыңға жуық науқас емделді.

«Бұл стационар өз міндетін толықтай орындады. Нұр-Сұлтан әкімдігі оттегі концентраторларын жеткізді. Науқастарды күту үшін барлық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер болды. Бұл бізге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді», – дейді Д.Молдажанов.

Зейнеткер Бибіжан Қаппарова, көптеген адамдар сияқты, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өз бетінше емделген. Бірақ көп ұзамай сырқатты медициналық көмексіз жеңе алмайтынын түсінген.

«Мен сегіз күн бойы үйде емделдім. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. Мені осы ауруханаға алып келіп, он күн емдеді. Дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне алғысым шаксіз. Өздеріне төнген қатерге қарамастан басқалардың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет! Бізде осындай жауапкершілікті, адам жанына араша болар жас мамандардың барына қуаныштымын!» – дейді Бибіжан апа.

Жалпы, қалада COVID-19-ға қарсы күреске 16 стационар жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Психикалық денсаулық орталығының клиникасынан COVID-19 бар соңғы науқас шығарылды. Бір жарым айдың ішінде мұнда 1044 науқас емделді.

Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан стационарларында пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. Қабылданған карантин шаралары мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3 есе – күніне 3 мыңнан мыңға дейін, төсек-орын қорының жүктемесі 99%-дан 30%-ға азайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109