706

Елордалық жедел жәрдемге COVID-19 бойынша қоңыраулар саны 10 есе азайды

Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қабылданған карантин шаралары мен ауруханалардағы амбулаториялық емдеудің нәтижесінде, елордада науқасқа шалдыққандар мен жедел жәрдем шақыру санының төмендеу тенденциясы байқалады. Қалада 11 254 індет жұқтыру жағдайы тіркелсе, олардың 74,1%-ы – 8 340 адам сауығып шыққан.

«Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрігерлерге түсетін жүктеменің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Жедел жәрдемге қоңыраулар саны күніне 4300-ден 1500-ге дейін, яғни 3 есе азайды. Сонымен бірге жедел жәрдемге КВИ бойынша түсетін шақыру саны 500-ден 51-ге дейін, яғни 10 есе азайды. Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. Қаладағы коронавирус індетінің азаю динамикасын сақтап қалу үшін, санитария нормаларын қатаң сақтау қажет», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов.

28 шілдеде психикалық денсаулық орталығының базасында орналасқан қаладағы алғашқы жұқпалы аурулар стационары жабылды. 1 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігінің бас клиникалық ауруханасы базасында 100 орындық провизорлық стационар және «Рамада Плаза» қонақүй кешені базасындағы жұқпалы аурулар стационары жабылды.

Бір апта ішінде үш аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсете бастады: №1, № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және №2 көпбейінді аурухана.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, инфекциялық және провизорлық ауруханалар, қажет болған жағдайда, жеткілікті орындармен ашылуға дайын болады. Резервте қосымша нысандар қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109