768

Елордалық үш оқушы беделді математикалық олимпиадада күміс жүлде иеленді

Американың математика қауымдастығы (MAA) мен AOPS халықаралық платформасы өткізген Cyberspace Mathematical Competition олимпиадасында қазақстандық оқушылар ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазылар алқасына америкалық математик, көптеген кітаптар мен жарияланымдардың авторы, MIT профессоры Yufei Zhao төрағалық етті.

Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, екі қола иеленіп, командалық есепте 20-орын алды.

Айбек Мырзатай алтын, Қасым Мұханбетияр, Данат Дүйсенбеков, Марлен Раушановтар күміс, Дильназ Уалиева мен Нұртас Шынтас қола жүлдемен жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сондай-ақ Батырхан Сәкенов мадақтама қағазын иеленді.

«Онлайн режимде өткен олимпиадаға 80 ел қатысты. Біздің арнайы платформаға жүктеген тапсырмаларымыздың шешімін әртүрлі елдердің мұғалімдері тексерді. Ұйымдастырушылар мұны қыркүйек айында онлайн өтетін Халықаралық математика олимпиадасы қарсаңында «қызықты жаттығу» деп атады. Олимпиада тапсырмаларын үйде отырып орындаған аудиторияда отырып есеп шығарғаннан өзгеше екен. Осы нәрсе есімде қалды. Кейде бұл Олимпиада екенін ұмытып, біршама жеңіл қарай бастайсың», – деді күміс медаль иегері, Нұр-Сұлтан білім-инновация лицейінің түлегі Данат Дүйсенбеков.

Ресей, АҚШ және Оңтүстік Корея үздік үштіктің қатарынан көрінді. Украина – 15, Әзірбайжан – 25, Армения – 45, Тәжікстан – 50, Өзбекстан – 54 орынға тұрақтады.

Біздің оқушыларымыздың жеңісі – мұғалімдер мен ата-аналардың, мектептердің жеңісі. Атап айтсақ, біздің жеңімпаздар оқыған мектептер: Атырау “Білім-Инновация” лицейі, Haileybury Almaty, Нұр-Сұлтан "Білім-Инновация" лицейі, Нұр-Сұлтан Зерде мектебі және Алматы РФММ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109