561

Нұр-Сұлтанда жолаушыларға автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады

Қалада қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып, қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 3 тамызда елордада қоғамдық көліктер қайта жүре бастады.
Сонымен бірге, CTS қызметкерлерімен маршруттардың деректерге негізделген жұмыс жүктемесін және қозғалыс кестелерін модельдеу бойынша талдау жүргізілді.

«Бүгін қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады, бірақ әзірге жедел маршруттар мен қала маңындағы маршруттардың қозғалысы тоқтатылды.Көліктік бақылау қызметкерлері қоғамдық көліктерде маска тағу тәртібінің сақталуын қадағалауда. Жүргізушілердің маска тағуы, автобустарда дезинфекция құралдары болуы қадағаланады. Жағдай тұрақты. Жолаушылар легі орташа деңгейде сақталуда», - деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

«Біз жұмысымызды сағындық! Барлық жолаушылар санитартя талаптарын сақтайды. Адамдар маскасыз кіріп жатқан жоқ», - дейді № 1 автобус паркінің жүргізушісі Мейрам Дәулетбеков.

Хабарланғандай, 1 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин кезеңіндегі қоғамдық көліктердің дайындығымен танысты. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Автобусқа отырғызу тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жасалады.

Автотұрақтардың жұмысын жақсарту үшін 100 электр автобусы сатып алынып, тапсырылды, қала тұрғындарының тілектері ескеріліп, жаңа бағыттар ашылды.
Көліктік бақылау департаменті күн сайын қоғамдық көлікте санитария нормаларын сақтау бойынша рейд жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109