1051

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағылар мобильді қосымша арқылы тегін заңгерлік кеңес алады

Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жандар Lawcenter арнайы қосымшасы арқылы білікті заңгерлерден тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол үшін қосымша арқылы тіркеліп, мәртебеңізді растап, нөлдік мөлшерлемемен тапсырыс беру қажет. Кейін Pro bono заңгерлері клиентпен байланысады.

«Біз «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ және «Ұлан-ғайыр дала елі» ҚБ серіктестерімізбен бірге қазір төрт аймақта (Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстары) көмек көрсетіп жатырмыз. Қазірге дейін 500-ге жуық адам көмек алды. Өтінімдер әртүрлі сауалдармен –жәрдемақы, алимент, несие бойынша түседі. Сонымен қатар олар өтініштерді жіберу, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша анықтамалық сұрақтар жолдайды», – дейді «Жас заңгерлер палатасы» ҚБ төрағасы Сағидолла Баймұрат.

Бірлестік төрағасының айтуынша, қызмет алушылардың заңгерлер жұмысын бағалау мүмкіндігі де қарастырылған.

«Жас заңгерлер Палатасы» ҚБ-ның негізін қалаушы 2015-2017 жылғы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі. Оның айтуынша, қызметтің жаңа түрі мен қосымшасы – заң қызметтері нарығын, сапалы кадрлар мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жасалған қадамдардың бірі.

«Өткен жылы біз «Жас заңгерлер палатасы» қоғамдық бірлестігін құрдық. Негізгі мақсат студент-заңгерлерге, тағылымдамадан өтуші жастарға тәжірибелік білім беруді, тәжірибелі заңгерлермен нарықта бірге дамуды көздейді. Адамдарға тегін кеңес беріледі. Болашақта бүкіл Қазақстан бойынша қамту жоспарлануда. Бірақ біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан бастадық. Біз әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсету идеясын Lawcenter қосымшасында қолдандық, бұл әлеуметтік жобалар шеңберіндегі барлық процестерді цифрландыруға мүмкіндік берді», – дейді Сағидолла.

Бұған дейін барлық қызметтер телефон, мессенджерлер мен тегін заңгерлік көмек кабинеттері арқылы көрсетілді, алайда пандемияға байланысты белсенділік төмендегені байқалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109