945

Жұмыссыздар үшін қажетті мамандықтарды тегін оқытуға өтінім қабылдау басталды

Оқыту кезінде 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс берушілердің өтінімі арқылы ұйымдастырылатын кәсіптік оқытудан кейін жұмыссыздар ары қарай еңбекпен қамтылады.

Елордалық жұмыспен қамту орталығындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысу үшін алдын ала жазылу қажет. Аспаз, наубайшы, кондитер, тігінші, тігінші шебер, шебер-шаштараз, бақылаушы-кассир, анимация және видеография, тәрбиешінің көмекшісі, жиһаз құрастырушы, ағаш бойынша бояу цехының шебері, арматурашы, монтажшы, газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, газ электр дәнекерлеушісі, электрослесарь, жартылай автоматты машинадағы электр дәнекерлеушісі мамандықтарын даярлау бойынша оқытылады.

Бүгінгі таңда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін 155 орын ашылды.

Оқыту мерзімі біліктілік пен дағдыларына байланысты бір айдан үш айға дейінгі аралықты қамтиды.

Кәсіптік оқыту білім беру ұйымдарында дуальды оқыту элементтерімен жүзеге асырылады. Қатысушылар - жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар, жұмысынан қысқарғандар.

«Қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеудің болуы, қолданыстағы немесе тоқтатылған ЖК немесе ЖШС болмауы қажет. Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін 5 556 теңге (2 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек төленеді», - деп хабарлады елордалық жұмыспен қамту орталығы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109