692

Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі кезінде 5 мыңға жуық мұқтаж отбасыға құрбандық еті таратылды

Қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілді және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қалалық Дін істері басқармасының хабарлауынша, Құрбан айт мерекесі кезінде 500 ерікті және 200 авто-еріктілердің көмегімен 5000-ға жуық отбасы құрбан етімен қамтылды.

Құрбандық етін тарату барысында қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін тодықтай сақталды.

Қоғамдық қауіпсіздікті және адамдардың көп мөлшерде жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болды.

Осы орайда, алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында «qurban2020.kz» сайты іске қосылды. Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына үлестірілді.

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109