571

Елорда тұрғын алабында әлеуметтік тұрғын үй құрылысы салынуда

Қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

“Пригородный" елді-мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бүгін құрылыс барысымен таныстым. Үйлерді биыл тапсырамыз. Оның жанында балабақша, мектеп бар. Шағын ауданда қоғамдық көлік қатынайтын жолдар салынды.

Өткен жылы елді-мекенде 800 орындық мектеп және "Аспан" спорт кешені ашылды. Аула алаңдары абаттандырылды.

Бүгін "Пригородный" елді-мекеніндегі бірқатар аудандарды араладым. Тұрғындар жарықтандыру, кәріз жүйесі, жолдарды жөндеу бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Екі ауданда екі ірі аула алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жастағы тұрғындардың мүдделері ескеріледі: ашық ауада демалу үшін де, тыныш уақыт өткізу үшін де алаңдар болады. Сонымен бірге жарықтандыру, жол салу, кәріз мәселелерін шешу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді-мекен бар. Бұл — елорда халқының төрттен бір бөлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді-мекендерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептер, медициналық орталықтар, әлеуметтік тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, канализациялар және т.б. салынады”,-деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109