696

«Астана-адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің төрағалығымен «Астана – адалдық алаңы» жобасының соңғы жеті ай қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, жоба жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов, аудан әкімдерінің кеңесшілері, қалалық басқарма басшылары қатысты.

Ашық бюджеттердің интерактивті картасын өзекті ету, дәрі-дәрмектердің бағасы бойынша дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері, ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасының мониторингі, қаладағы рұқсат етілмеген қоқыс орындары секілді бірқатар мәселе талқыланды.

Сондай-ақ, басқармалардың «Сапалы жол» жобасы аясында жол құрылысы кезінде уәкілетті органдардың заң бұзушылықтарды жою жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Мәслихат депутаты Мирас Шекенов дәріханалардың мониторинг нәтижелері мен «Астана – адалдық алаңы» жобасы менеджерлерінің гуманитарлық көмек жеткізу  бойынша жүргізген жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Шілде айының басынан бастап жұмыс топтары ҚР Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерімен, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жастар және ішкі саясат басқармасы өкілдерімен, еріктілермен, құқық қорғау органдарының, аудандық әкімдіктердің өкілдерімен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, күнделікті рейдтер жүргізеді.

«Бүгінгі таңда 50-ге тарта дәріхана тексерілді, онда дәрі-дәрмектердің бағасын көтерген 16 дерек, жеке тұлғалардың дәрі-дәрмектерді сатуы және басқа да бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, оған қатысты тиісті шаралар қабылданды», – деді Мирас Шекенов.

Кеңес қорытындысы бойынша, Бақтияр Макен қаланың әлеуметтік маңызы бар нысандарына, оның ішінде ашық бюджеттердің интерактивті картасы шеңберінде тұрақты негізде мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, оқу орындары мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалайтын мониторинг жүргізіп, аудан тұрғындары мен кеңесшілердің жұмысын жандандыру тапсырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109