974

Елорда әкімі жол жұмыстары үшін көшелер қалай таңдалғанын айтты

Көктемнің басынан қала билігі жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жолдар бірнеше критерийлер бойынша таңдалды.

Бірінші. Бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елді-мекендерде орналасқан. 150 көшенің 100-і елді-мекендерге тиесілі.

Екінші. Жаңа автобус бағыттарын іске қосылатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды.

Үшінші. Тұрғындармен кездесу барысында олар әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді асфальттауды сұрады. Мектептерге, медициналық орталықтарға, балабақшаларға және т.б. апаратын жолдар тізімге енгізілді», деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында.

Кеше елорда әкімі кешкілік аралау барысында «Көктал» және «Агрогородок» елді-мекендеріндегі бірқатар көшелердің құрылыс барысымен танысты.

«Жалпы, осы екі елді-мекенде 33 көшені жөндейміз. Кездесу барысында тұрғындар жарықтандыру, жылыту, кәріз мәселелері бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Кейбір мәселелер бойынша шешім сол жерде қабылданды, қалғандары жоспарға бекітілді», - деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар, барлық аудандарда әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру шамдарын орнату, аумақтарды абаттандыру, нөсер кәріздерін орнату және т. б. бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

«Жылыту мәселесі газдандыру барысында шешіледі. Биылғы жылыту маусымында газға бірқатар елді-мекен қосылады. Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109