799

Елорданың ойын-сауық орындарында бірқатар карантин режимін бұзушылықтар анықталды

Бұзушылар жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

5 тамызға қараған түні мониторинг тобы полиция қызметкерлерімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен (ТҚСҚББ) бірлескен кезекті рейд кезінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан карантин режимінің бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

«Бүгінгі мониторинг барысында қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: жұмыс кестесін, жұмысшылар мен келушілердің маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтық сақтамау», - деп хабарлады Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.

«Мониторинг тобы аралау кезінде Есіл ауданында «Pei Zdes' 31» лаундж-барында (ЖК «ORIENT-S») қызметкерлер мен қонақтар әлеуметтік қашықтық сақтамай, карантин режимін, маска тағу тәртібін бұзғанын анықтады. Аталған нысанның басшыларымен және әкімшілігімен түсіндірме жүргізіліп, әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін материалдарды тапсыру туралы хаттама жасалды», - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Азаматтық қорғаныс орталығының бас маманы Әсет Абылғазиев.

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында рейд кезінде мобильді топ «Нирвана» және «Угол 4/1» клубтарындағы карантин режимін бұзушылықтарды анықтады.

4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан ТҚСҚББ аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзғандар туралы 544 материал келіп түсті. Олар бойынша 124 жеке және кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес, карантинді бұзған адамдар кінәсін мойындағандықтан, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған түрде қолданылды.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 15 542 910 теңгені құрайтын 63 әкімшілік айыппұл төленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109