627

IQala қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға болады

IQala қалалық қызметтер орталығы жүргізген мониторинг барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қол жетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін келетіні анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін IQala қалалық қызметтер орталығының www.iqala.kz порталы жұмыс істейді. Порталдың арқасында үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қажетті коммуналдық қызметтерді алуға болады, ол үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.

Орталық қызметкерлері карантин кезіндегі қызмет көрсетулер бойынша мониторинг жүргізді. Оның барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қол жетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін келетіні анықталды.

«Қазір еліміздің Үкіметі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Елорда тұрғындарынан қажетті қызметтерді онлайн режимде алуларың сұраймыз. IQala орталығының сайтында 131 қызмет түрі (жылу, су, электр, қоқыс шығару, ЕРЦ және т.б.) ұсынылған. Мысалы, «ЕРЦ түбіртегін қайта алу» қызметі толығымен автоматтандырылған, түбіртек адамның қатысуынсыз пайдаланушының жеке кабинетіне бірден келіп түседі. Сондай-ақ, электрондық шот-фактураларды esf.gov.kz және ЭЦҚ-ны egov.kz порталдарынан алуға болатындығын атап өткім келеді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Астана-ЕРЦ» ЖШС әріптестерімен ЕРЦ, ЭШФ қызметтерін/түбіртектерін және ЭЦҚ кілтін алу бойынша қадамдық нұсқаулықтар (скриншоттармен) әзірленді. Нұсқаулықтарды алу үшін «IQalakz_bot» Telegram-ботын пайдалануға болады», - деп атап өтті iQala қалалық қызметтер орталығының директоры Руслан Жумадилов.

Қызметті үйден алуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Р. Қошқарбаев даңғылы 29 мекен-жайында орналасқан iQala орталығына хабарласуға болады.

«Біз өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын интернетке қосылуы мен веб-камерасы бар 6 компьютерге дейін кеңейттік, онда Сізге біздің мамандар онлайн қызмет алу бойынша кеңес береді, бірақ қажетті қызметті өз бетіңізше аласыз. Осылайша біз компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеруге және адамдарды онлайн қызметтерді пайдалануға үйретуге тырысамыз», - деп атап өтті Руслан Жумадилов.

Қажетті қызметтерді www.iqala.kz порталы арқылы алыңыз. Үйде болыңыз!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109