634

Карантин кезеңі әлеуметтік кәсіпкерлікке қалай әсер етуде?

Карантин жағдайына қарамастан, әлеуметтік кәсіп өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 2996 ҮЕҰ тіркелген. Белсенді қызмет етіп жатқан 620 ұйым бар. Оның ішінде 10 ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысады.

«Былтырмен салыстырғанда биыл әлеуметтік кәсіпкерліктің саны артып келеді. Мәселен, 2019 жылы 1 ғана әлеуметтік кафе болса, биыл тағы бір кафе өз қызметін бастады. Ал әлеуметтік шеберханалардың саны 2019 жылы 6 болса, 2020 жылы 10-ға жетті», – дейді қалалық Ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Пұсырманов.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда былтыр ашылған «Еmoji» кафесі мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуді мақсат тұтады.

«Бүгінде кафелердің қызметіне шектеу қойғаннан кейін, онлайн жеткізу бойынша қызмет етіп жатырмыз. Қазіргі таңда 11 адам жұмыс істейді. Карантин талаптары сақталады. Өзім медицина қызметкері болғандықтан, сақтық шараларын қатаң сақтаймын. Дезинфекция жасалып, температура өлшенеді. Ұжымда көбіне есту қабілеті төмен жандар жұмыс істейді. Олар бірін-бірі жақсы түсінеді, жұмыс жасау да өздеріне ыңғайлы», – деп атап өтті «Еmoji» кафесінің басшысы Азамат Базылов.

Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік мемлекет тарапынан қолдау тауып келеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл бөлінген қаржының 20%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Қазіргі кезде грант иелену үшін құжаттар қабылдануда.

Жеке кәсіпкер Темірлан Орманқұлов қалай грант ұтып, өз ісін ашқанын айтып берді.

«Мен өз жобамды қорғаған кезде қатты уайымдадым. Бірақ грантты жеңіп алғаннан кейін, дыбыс жазу студиясын ашу үшін өзім қалаған қажетті жабдықтарды сатып алдым. Бұл біздің жұмысымызды дамытуға және жеделдетуге, ең бастысы жақсартуға мүмкіндік берді. Клиенттер көп болды, оның ішінде ірі компаниялар да бар», – дейді Т.Орманқұлов.

Ол алда фотостудия құру және оны одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Біз жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашқымыз келеді», – деп атап өтті жас кәсіпкер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109