780

Елордада медиаторлар тегін оқытылады

Бүгін Қазақстанда Медиация күні аталып өтуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Медиация - үшінші, жанжалға мүдделі емес тараптың қатысуымен дауларды шешудің балама түрі. Медиация институты Қазақстанда белсенді дамып, тәжірибеде жиі қолданылуда.

«Senim» медиация орталығы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ақысыз оқыту басталады. Тренингті сертификатталған кәсіби медиаторлар жүргізеді», - дейді Кәсіподақтар федерациясы оқу орталығының жетекшісі Нұрлан Досымов.

«Senim» медиация орталығының негізгі мақсаттарының бірі - азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін әлеуметтік қорғау, конструктивті диалогты дамытуға жағдай туғызу, жанжал жағдайларын кәсіби медиация, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық және басқа да көмек арқылы шешу.

Кәсіби медиатор Әсел Молдағалиеваның айтуынша, елорда тұрғындары көбіне медиаторларға еңбек даулары, неке кезінде бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлу, баланың тұрғылықты жерін анықтау және алимент алу мәселелерімен жүгінеді.

«Мүлік, алимент, ажырасу мәселелері бойынша өтініштердің 46%-ы медиация жолымен шешілді», - деп атап өтті Ә. Молдағалиева.

Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, медиатор Шерзод Пулатовтың айтуынша, жанжалдардың алдын алуда медиация институтының рөлі өте зор.

«Медиацияны азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардағы дауларда, сондай-ақ шағын және орта ауырлықтағы қылмыстық істерде қолдануға болады. Азаматтардың да, заңды тұлғалардың да медиацияны белсенді қолдануы арқылы сот жүйесіне жүктемені едәуір азайтуға, осылайша ірі істерді шешу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40%-ы медиация тәртібімен өтеді. Олардың 85%-ында оң нәтижелерге қол жеткізіледі», - деді Ш.Пулатов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109