Оқжетпес көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды
Көлік жүргізушілеріне маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде Қарталы көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 6-20 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалысты жартылай жабу жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz