690

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Нұр-Сұлтанда 7,6 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

Іске асырылып жатқан жобаларда дәнекерлеуші, монтажшы, жүргізушілерге қажеттілік байқалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтанда 7 627 жұмыссыз, Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 4 361 адам жұмысқа орналастырылды.

Іске асырылып жатқан 107 жобада дәнекерлеушілер, монтажшылар, арнайы машина жүргізушілері, жұмысшылар, газбен дәнекерлеушілер, электр механиктері сияқты мамандарға қажеттілік байқалады.

«Карантин кезінде өтініштер саны 20% артты. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасына қатысу үшін есепке тұру міндетті емес, жеке куәлік пен диплом және еңбек кітапшасы болса жеткілікті. Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеуде болуы, жұмыс істеп тұрған немесе тоқтатылған ЖШС немесе ЖК болмауы қажет, өйткені өтініш берушіге жұмыссыз мәртебесі беріледі. Сұраныс үш күн ішінде өңделеді. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 4 361 адам жұмысқа орналастырылды», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Аймира Муксулова.

«Partners Reality» ЖШС Жұмыспен қамту орталығымен бағдарлама аясында бірігіп жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта біз балалар алаңдарын абаттандырумен айналысудамыз: асфальт, брусчатка, бордюрлер төсеу. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы бізге жұмыстарды орындау үшін белгілі бір жұмысшылар санын ұсынады», - деп хабарлады «Partners Reality» ЖШС инженер-технологы Толқын Төребеков.

«Бізде Жұмыспен қамту орталығынан шамамен 20-25 адам жұмыс істейді – олар жүргізушілер, электр монтажшылар. Қазір Омаров көшесіндегі желілерді қайта жөндеуден өткізудеміз», - дейді «Электромонтаж» АҚ филиалының механигі Төлеген Қаманов.

Дмитрий Иванов – дәнекерлеуші. Көп уақыт жұмыссыз жүрген ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасымен жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген.

«Бір апта ішінде жұмысқа қабылдандым, ұзақ күтпедім. Біз толық күн жұмыс істейміз, жалақы төленеді», – дейді Д.Иванов.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 628 орын ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Жұмыспен қамту орталығы онлайн режимде жұмыс істеуге көшкендіктен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы жұмыс тапқысы келетіндер орталықтың Call-орталығына 57-88-88 телефоны арқылы хабарласуы керек. Сондай-ақ Мониторинг және еңбек ресурстарын болжау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109