621

«Кәсіпкер Ана» жобасының қатысушылары бизнес-идеяларын жүзеге асыруда

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда іске қосылған «Кәсіпкер Ана» жобасына қазірдің өзінде жеті жүзге жуық өтініш келіп түскен.

Жоба міндеті көп балалы әйелдерге, жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға өз ісін бастауға көмектесу.

Бүгінгі таңда жобада онлайн режимде оқуға 1200-ден астам өтінім келіп түсті. Алғашқы іріктеудің нәтижесінде 500-ге жуық әйел барлық талаптарға сәйкес келеді, ал қазір 200-ге жуық адам біліктіліктерін арттыруда.

«Инстаграм арқылы жоба туралы білген соң жаңа білім, машықтар мен дағдыларды игеруге шешім қабылдадым. Мен SMM маманы мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Бұл сұранысқа ие мамандық. Аудиторияны сауатты тартуды, қысқа, нақты және қызықты жазуды үйрендім. Үйден шықпай-ақ, жұмыс істеп, ақша табатыныма, балаларымды асырай алатыныма сенімім нығайды. Мен сияқты аналарға көмегі үшін «Кәсіпкер ана» жобасына алғыс білдіремін», - дейді жоба қатысушысы Жазира Орынбаева.

Жоба туралы әлеуметтік желіден білген Меруерт Ағзамқызы да өз тәжірибесімен бөлісті.

«Жобада бізге парақшаны жүргізуді, дұрыс сатуды және басқа да тәсілдерді үйретті. «Кәсіпкер ана» жобасы маған тек копирайтинг бойынша тренингтермен ғана емес, басқалай да көп көмектесті. Жобаға бір орында тұрып қалмай, өз-өзін дамытуға тырысатын мен сияқты аналар келді. Мұнда туысқандар сияқты араласып, әлі де достық қарым-қатынасымызды үзген жоқпыз. Егер мүгедектігі бар балаңыз болса, ол үшін оңалтудың қандай да бір қорлары бар. Бірақ аналар үшін мұндай қолдау, оңалту жоқ. Сондықтан бұл жоба бізге психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Бұл мүмкіндікті барынша пайдалануымыз керек. Мемлекет мұндай жобаларды қолдайды, өз кезегінде бұл жобалар бізді қолдайды», - деді М. Ағзамқызы.

Еске салайық, оқыту 11 негізгі бағытта өтеді.

Карантин кезінде «Кәсіпкер Ана» жобасы онлайн режимге көшті. Мұнда болашақ IT және SMM мамандары, аспазшылар, графикалық дизайнерлер, массажшылар, кондитер аспаздар, психологтар және басқалар оқытылуда.

Жобаға көп балалы, жалғызбасты, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109