1013

Елорданың танымал әрі қызықты жерлері

Елордада қызықты жерлер өте көп. Дегенмен карантин жағдайында тұрғындар мен қала қонақтары музейлерге, ойын-сауық орталықтарына бара алмайтыны анық. Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты тілшілері елордадағы қызықты жерлердің бір парасын анықтап көрді.

Биыл қала тұрғындары қоғамдық орындарға бармай, ашық аспан аясында серуендеуді әдетке айналдырған. Демалушылар көбіне саябақтарға барғанды жөн көреді. Ендеше адамдар жиі баратын мекенге айналған бірнеше орынға тоқталып өтейік.

Ботаникалық бақ

Отбасымен бірге демалуға әрі спортпен шұғылдануға қолайлы орындардың бірі. Саябақта балалар ойын алаңы, тренажер, волейбол және баскетбол алаңы бар. Сондай-ақ веложол мен жүгіру жолы және фонтан орнатылған. Алуан түрлі ағаштардың жалпы саны 95 мыңға жетеді. Бүгінге дейін саябақта 2 жылыжай, 45 мың шаршы метр алаңды құрайтын жасанды су қоймасы, жаяу жүргіншілер көпірі, велосипед және жүгіру жолдары салынды.

Есіл жағалауы

Есіл өзенінің жағалауы – елордалықтардың сүйікті орыны. Ерке есілдің жағасында қаланың әсем көрінісін тамашалап, ашық аспан астында серуен құру тұрғындардың үйреншікті әдетіне айналған. Жағалау қала жастарының бас қосар мекені – Арбатпен жалғасып, көңілді демалысты көрікті ете түседі.

Орталық саябақ

Бұл жерде спортпен айналысуға мүмкіндіктер көп. Саябақта велосипед, жүгіруге арналған жолақ бар. Тренажерлық жабдықтары бар алаңқай мен балаларға арналған ойын алаңдары да жеткілікті. Бұл жерде ағаш көп отырғызылған. Қала тұрғындарына йогамен айналысуға өте ығайлы.

Көпір астындағы арт-кеңістік

«Арқар» көпірінің астындағы алаң елорданың қызықты орындарының біріне айналды. Онда жаңа арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары және баскетбол алаңдары салынған. Сондай-ақ мұнда әткеншек-орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және екі стритбол алаңы пайда болды. Бұл орынға әсіресе жастар жиі келеді.

Жетісу саябағы

Алматы облысының елорда мерейтойына тартуы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жетісу өңірінің көрікті әрі тарихи жерлері бір саябақ аумағына орын тепкен. Яғни, Шарын шатқалы мен Таңбалы тасты, Жетісудың өзендері мен Алматы апортын тамашалауға болады. Сондай-ақ саябақта субұрқақ пен ұзындығы 1,5 км болатын веложол, жүгіру жолдары және спорт құрылғылары мен балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Айта кетсек, қазіргі кезде елордада жалпы ауданы 396,4 га 9 парк, ауданы 30 га 4 желекжол, сондай-ақ 131,9 га 90 гүлбақ бар.

Биыл 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) пен 150-ге жуық аула абаттандыралады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109