799

Елорда әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қаламыздағы әлеуметтік үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар, саябақтар мен аулалар құрылысшылардың еңбегімен салынды. Құрылыс саласы қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қаламыз өсіп, одан әрі көркейіп келеді. Олар күндіз-түні, аязда да, ыстықта да жұмыс істейді»,-деп жазды елорда әкімі инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар, А.Көлгінов елорданың авторы және бас сәулетшісі Елбасы екенін де атап өтті.

«Тұңғыш Президенттің астананы көшіру туралы шешімі прагматизм мен көрегендіктің үлгісі. Құрылысшылар 300 мың халқы бар шағын қаланы қарқынды өсіп келе жатқан астанаға айналдырды. Қала тұрғындарының саны төрт есе өсті. Барша құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін»,-деп жазды Алтай Көлгінов.

Елорда құрылыс секторында көшбасшы болып қала бермек. Қалада жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салынып жатыр.

«Нұр-Сұлтан — армандар орындалатын қала. Тұрғындар сапалы білім алып, отбасы құрып. Мемлекет басшысы елорданың дамуына ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты»,-деп атап өтті әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109