626

Елордада қандай спорттық шаралар өтуде

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайтының редакциясы карантин кезінде Қазақстан астанасында спортсүйер жұртшылық үшін қандай шаралар өтуде деген сауалға жауап іздеді.

COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Қазақстанда карантин енгізілгелі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы қашықтан жұмыс жасауға көшкен.

Дирекция карантин кезінде @elordasport Instagram парақшасында «ONLINE-СҰХБАТ» айдары, «ONLINE-Жаттығу», «ONLINE-Жарыстар» және аптаның сейсенбі және жұма күндері тыныс алу жаттығулары бойынша эфирлер өткізуде.

Осы күнге дейін елімізге белгілі спорт шеберлерімен 25 сұхбат ұйымдастырылған. Оның ішінде Елдос Сметов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров, Қуат Хамитов және Арман Оспанов сынды кәсіпқой спортшылармен де сұхбаттар бар.

Сонымен қатар Римма Волосенко, Айгерим Абилкадырова, Ербол Мусабаев, Айтым Жакупов және Василий Тахтай сияқты елімізге танымал спорт шеберлерімен жаттығулар өтті.

«Дирекция осы уақытқа дейін ZOOM бағдарламасы арқылы 8 онлайн жарыс өткізді. Атап айтқанда, планка жасаудан, «Family Victory» отбасылық жарысы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай тоғызқұмалақтан ашық-онлайн турнир, Есіл ауданының мектеп оқушылары арасында бес асықтан онлайн жарыс, Кекушинкай-каратэ оқушылары арасында КАТА бойынша, елорда тұрғындары арасында доп соғу, турникте тартылу бойынша және дойбыдан онлайн-жарыстар мен турнирлер өтті. Жалпы, ONLINE-жарысқа 500-ге жуық Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қатысты», - делінген дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарламасында.

Алдағы уақытта, спорт күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан онлайн жарыс, ұлттық спорт түрлерінен онлайн жарыстар, конституция күніне орай онлайн спортттық іс - шаралар жоспарлануда.
Шаралар туралы қосымша ақпарат @elordasport Instagram парақшасында алдын ала жарияланып, спорттық іс шаралар "ZOOM" бағдарламасы арқылы өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109