710

Елордада «1000 сауда орны жобасы» бойынша І жартыжылдықта 37 учаске бөлінді

Олардың жартысына жуығы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстан астанасында  «Astana» ӘКК» ҰК АҚ «1000 орын –көше саудасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  37 жер учаскесін қосалқы жалдау шарты жасалды: халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғалар үшін «Атамекен» ӨКП квотасы бойынша 16 учаске, www.gosreestr.kz порталындағы сауда қорытындысы бойынша 21 учаске бөлінді.

«11 жер учаскесі дайын өнім нысандарына: сусындар, балмұздақ, фастфуд, екеуі – мобильді техникалық қызмет көрсету үшін, үш учаске – тамақ өнімдерін сататын стационарлық емес нысандарға (шұжық, сүт, нан – тоқаш), бір жер учаскесі – тұрмыстық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес нысанын орналастыру үшін, үшеуі – гүл павильондары үшін және 17 учаске-жемістер мен көкөністерді сату үшін бөлінді», – деп хабарлайды «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ.

«1000 орын – көше саудасы» – бұл көше саудасын реттеу, көше саудасы саласындағы қызметтердің сапасын жақсарту, кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, қажетті стандарттарды сақтай отырып, қалалық стационарлық емес сауда объектілерінде сауда құқығын берудің ашық, қарапайым тетігін құру.

«1000 орын – көше саудасы» жобасына қатысу үшін ИП/ЖШС туралы куәлігі мен салықта қарызы жоқ деген анықтама ғана керек. Жалға алудың құны жылына 1 шаршы метрі 20 мың теңге. Бірақ кәсіпкер жеңіп шыққан жағдайда бекітілген экстерьерге сәйкес павильонды өзі орнатуы тиіс және коммуникацияны да өзі қосады.

Бағдарламаны іске асырудың қағидасы қарапайым және екі кезеңнен тұрады: бірінші кезекте кәсіпкер павильон ашқысы келетін жер учаскесінің орнын суретке түсіріп, мекенжайын ӘКК-не өтінішпен жібереді. Ары қарай «Астана» ӘКК ол өтінішті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына береді. Олар өз кезегінде өтінішті әкімдіктегі барлық мүдделі меморгандарға жолдайды – олар ТЖ, аудан әкімдіктері мен басқа да қаланың меморгандары.

Оларды оң шешім шығарып, қабылдаған жағдайда ӘКК екінші кезеңіне кіріседі – 50-70 сауда көшесіне рұқсат беретін орынды жинақтап, тағы да конкурс жариялайды.

ӘКК сайтынан, қала сайтынан және аймақтық кәсіпкерлер палатасының сайтына суреті бар жер учаскесі туралы барлық ақпаратты екі апта бойы іліп қояды, себебі кез келген үміткер онымен танысып, өзінің ұсынысын бере алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109