962

Елорда әкімі ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын блоктарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты әкімнің Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын 1а, 1в, 2а, 2в, 3а, 3б блоктарының құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым.

Бұл жердегі барлық блоктарда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс қарқыны мен жұмысшылар санын арттыруды тапсырдым. Қазіргі қолайлы ауа-райын барынша пайдаланып, үйлердің, шатырлардың қасбетімен айналысу керек.

Сонымен бірге инженерлік желілерге уақтылы қосып, абаттандырумен айналысу қажет. Нысандағы жұмыстарды кестеге сәйкес аяқтау маңызды. Өз тарапымыздан барлық кедергілерді жоямыз, тиесілі қаржы бөлінген», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109