789

А. Көлгінов: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орындарының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр.

Бүгін бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салып жатырмыз. Мектеп аумағын кеңейтеміз. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектепті пайдалануға береміз. Абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажет.

Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны - 12.

Келесі жылдарға да дайындықты естен шығармадық. Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400). 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады»,-деп жазды А. Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109