1317

Елорда тұрғындары Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж бастады

«Көзімнің қарасы» әнін түрлі саладағы мамандар мен эстрада жұлдыздары орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан тұрғындары қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай #Абай175 #Abay #Abai #Абай музыкалық челленджін іске қосты.

Абай әнін бірінші болып түрлі салада қызмет ететін мамандар орындады: дәрігерлер, автобус жүргізушілері, полицейлер, құтқарушылар, мұғалімдер, сондай-ақ түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер. Оларды қазақстандық эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов қолдады.

Барлығы сүйіп тыңдайтын, халықтың құлағында жатталып қалған «Көзімнің қарасы» әні жаңаша шырқалды. Тұрғындар композицияны шырқап қана қоймай, оны түрлі аспаптарда да орындады.

Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны, біз әрқашан мақтан тұтатын тарихи тұлға.
Музыкалық челленджге қатысушылар қазақ даласының ұлы есімдерін бірге қолдауға және бастамаға қатысуға шақырды.

«Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді барша қазақстандықтарға жолдаймыз. Біз біргеміз», – дейді еріктілер.

Еске сала кетейік, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Қазақстанда алғаш рет жаңа ресми мереке «10 тамыз – Абай күні» болып бекітілді.

Видеода «Artemiz» тобы мен Иманбек Зейкеновтың музыкасы пайдаланылды

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109