Жұбанов көшесі 28 тамызға дейін жартылай жабылады
Жұбанов көшесінің Кенесары көшесімен қиылысы бөлігінен соңына дейінгі учаскеде 11-28 тамыз аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Осыған байланысты, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz