627

Рамазан мен Медина – Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестелердің ең танымал есімі

Қалалық статистика департаменті нәрестелер арасында ең танымал есімдерді атады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім Рамазан (97) болса, одан кейін Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тіркелген.

Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастағанын көрсетеді. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби.

Жаңа туған қыз балалар арасында ең танымал Медина (150)есімі болса, топ 5-ке кіретін есімдер: Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105). Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айтында 14 123 бала дүниеге келді.
Сонымен қатар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) дүниеге келді.

Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109