820

Алтай Көлгінов: Құрылысшыларға қойылатын басты талап – жұмысты сапалы орындау

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау құрылыстың қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылды.

Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Тұрғындармен кездесулерде аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын, олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Құрылысшыларға қойылатын басты талап-құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Аумақты абаттандырумен айналысу қажет», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109