731

Маскасыз келушілерге сауда орындарына кіруге тыйым салынады – Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары

Елорда әкімдігінде базарлар, сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары өкілдерімен қауіпсіздік пен санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен жұмыс орындарын дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажетін айтты.

«Карантин шаралары жағдайды тұрақтандыруға және науқастар санын азайтуға мүмкіндік берді. Карантин режимі алынғаннан кейін кәсіпкерорындар өз жұмыстарын қайта жалғастыра алады. Бірақ карантин біртіндеп алынғаннан кейін босаңсуға болмайды, өйткені вирус ешқайда кеткен жоқ. Алда күз – ЖРВИ маусымы. Дәрігерлер мен медицина мекемелеріне ауыртпалық түседі. Сондықтан жаппай вирус жұқтырудың алдын алу үшін қатаң санитария нормаларын сақтау қажет. Бірінші кезекте кәсіпкерлік нысандары. Кіре берісте антисептик, дезинфекция құралдары болуы, сатушылар маска мен қолғап кию керек. Ғимарат ішінде бір уақытта адамдардың көп болуын шектеп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Әлеуметтік қашықтық белгілері орнатылып, міндетті түрде маска тағу туралы ескертпелер жасалуы керек», - деді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.

Сонымен қатар бизнес нысандарының иелері желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, қызметкерлерге санитария нормаларын сақтаудың маңызы туралы нұсқау беруі керек. Санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары жұмысшылардың денсаулығына жауапты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109